Қазақша КВН. Маусымашар-2012.
Маусым басталды…
Құрметті керекші достар!
2012 жылдың 11-12 ақпан күндері Қазақстан КВН Одағының қазақша КВН ойындары бойынша «Маусымашар-2012» фестивалінің гала-концерті өтеді. Биылғы маусымашарға республиканың аумақтарынан 150-ден астам команда келеді деп жоспарлануда. Ресми бөлік осымен тәмам, қалғаны интрига…
Опшым, Астанадағы керекшілер қауымы, жоғарыда аталған гала концертке билеттер бар. Барам деушілер осы жерге пікір жазып, хабарласыңыздар. Ашкөздікпен барам деп алып, сосын келмей қалу жоғынан. Орын саны шектеулі екенін ескеру керек. Шын мәнінде бара алмайтын болсаңыздар одан да бара алатындардың бағын байламаған дұрыс болар.
Пы.сы. сурет мына жерден алынды.
