Ескі архив · 08.02.2012 18:31

Наурыз кестесі жарияланды

Діни және Ұлтшыл істер агенттігіне қарасты «Руханият: дін мен діл» басқармасы 2012 жылға арналған Наурыздың келу уақыттарын жариялады. Кестеге қарайтын болсақ Наурызға ең алдымен еліміздің шығыс аймағындағы Владимировка ауылының тұрғындары кіреді. Олар таңғы сағат 04:10-да Наурызды қарсы алуларына болады. Алматы қаласы үшін Наурыз уақыты 04:57, елордамыз Астанада 04:58. Ал, Наурызды жұрттың соңы болып қарсы алушы Батыс Қазақстан облысы, Сайқын ауылының тұрғындары болмақ. Олар үшін Наурыз уақыты 05:32. Халық Наурызды жылы палаткаларда отырып, асыға күтуде © voxpopuli.kz
Авторы:
Rafaello

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту