Ескі архив · 09.02.2012 14:40

Әскери ойыншық балаға зиян ба әлде пайдалы ма?

Әскери газетке кейде шыны керек, не жазам деп түк таппай қалатыным бар. Офицер, сержант, сарбаздар, әскери бөлімді «Жасасын, ура, ура» деген пафосты ноталармен жаза беруден «збым» шығып кетті. Кеше интернетте қаңғырып жүріп бір идея тауып алам ба деп біраз шашымды ауыртып көрдім. Содан әскери ойыншықтар туралы жазып көрсем не болады деген ой сап ете қалды. Бұл туралы әжептәуір ақпараттар бар екен. Бір қызығы, кейбір психологтар балаға соғыс, әскери туралы ойыншықтар әперу зиян, агрессивный болады десе, кейбірі керісінше жастайынан ата-ана, туыстарын, Отанды қорғауды, патриот болып өсуді, елі мен жерінің қазба байлықтарын біліп, соны қорғау керектігін түсініп өседі дейді. Мына бір деректе керісінше Әскери ойыншықтарды зиян дейді. "Әскери ойыншықтарды жоюдың халықаралық күнін" Еуропада 7 қыркүйекте атап өтеді екен. Онда олар пистолет, автомат, қылыш, қанжар, шпага, пышақ, дубинка, танк, ұшақ, т.б. соғысқа қатысы бар ойыншықтарды Барби, жұмсақ ойыншықтарға айырбастайды-мыш. Бұл идея «Ата-ана қамқорлығынан айрылған жетімдер мен балаларға жәрдем берудің бүкіләлемдік қауымдастығына» тиесілі көрінеді. Дәл осы қайырымдылық қоры 1987 жылы 7 қыркүйекте осы күнді атап өтуді ұсынып, 1988 жылы жүзеге асырыпты. Ал, Ресейде елдің әскери-өнеркәсіп кешеніне жауап беретін вице-премьер Дмитрий Рогозин жақында ғана өзінің твиттерінде «Хватит нашим детям играть “Леопардами”. Ресейдің бүлдіршіндері батыстың қару үлгісінде жасалған танк, пистолетімен емес, Ресейдің ойыншықтарымен ойнау керек» деп жазыпты. Министр осылай депті Сөзбе сөз келтіре кетсек, былай: «Дал команду продумать изготовление игрушек-моделей российского оружия и военной техники», — заявил Рогозин, бывший лидер националистической партии, до недавнего времени занимавший пост постоянного представителя России в НАТО. — депті. Тақырыптан тыс: Жұмыста корректор болып істейтін апайлардан бала-шаға, немерелеріңізге әскери ойыншық әпересіздер ме деп сұрап едім, кішкентай ер балалар мұндай ойыншықтың түрлерін жақсы көреді. Ал өзімнің кішкентай қыз немерелерімнің кеше ойнағандарын көріп жағамды ұстадым. Титтейінен үй, отбасы мәселелерін ойнайды. Ішіне шарларды салып алып, екіқабат болып ойнағандарын көрген кезде не дерімді білмей қалдым десе, екінші әріптес апайыма күйеуі балаларына әскери ойыншық әперуге қарсы болғанын айтты. Ал, «Керек» жамағаты сіздер де мақалама көмек болсын, балаларыңызға әскери ойыншық әпересіздер ме? Ол расында пайдалы ма әлде зиянды ма? Ой бөлісе отырсаңыздар.
Авторы:
Zhan

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту