Ескі архив · 09.02.2012 00:42

Зумба дегеніміз не?

Бұл қазіргі таңда әлемдегі өте танымал фитнес бағдарламалардың бірі. Зумба – арнайы дайындықты қажет етпейтін, африка тайпаларының, латиноамерикалық билердің, сондай-ақ шығыс «қарын» биі (немесе танец живота), фламенко, рок-н-ролл және хип хоп билеріне негізделген ерекше заманауи бидін түрі болып табылады. Бұл би оңай қимылдардың, әртүрлі музыкалық ритмдердің, бөксемен жасалынатын қимылдардың көптігінің арқасында қазіргі таңдағы ең маңызды мәселелердің бірі — артық салмақты тастауға зор ықпалын тигізіп қана қоймай көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. «Зумбамен бір сағат айналысудың өзі құдды бір мерекеде жүргендей әсер қалдырады», — дейді, әлемнің танымал жұлдыздары жеке хореографы ретінде шақыратын бидің негізін салушы Альберто Перес. Бұл биде Merengue, Salsa, Samba және Flamenco билерінің де қимылдары бар.
Авторы:
GulL

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту