Ескі архив · 10.02.2012 23:40

Қазақша конфеттер

Кеше көк базарға бір шаруалармен барғанымда «Рахат» кондитерлік фабрикасының сол жердегі фирмалық дүкеніне соқтым. Мақсатым ауылдағы апама базарлық беріп жіберу еді. Тізіліп тұрған қорап қорап конфет ішінен біреуі көзіме ерекше көрінді. Себебі, бұл конфеттердің сыртында қазақтың дәстүрлі музыка аспаптары бейнеленген екен. Қуанып кеттім. Қораптың сыртында Қазақстан картасы бейнеленіп, егемендік алғанымызға 20 жыл толғаны ескертілген. Әрбір конфеттің сыртында асатаяқ, домбыра, қоңырау, нарқобыз, жетіген, дауылпаз, адырна сынды аспаптадың аты жазылған, сонымен қатар суреттері де беріліпті. конфеттегі қазақы бояулардың қатты ұнағаны соншалық, апама бермес бұрын суретке түсіріп алдым.
Авторы:
manfan

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту