Ескі архив · 10.02.2012 00:22

Розаның туылған күніне тарту!

Ашып өмір есігін нұрланды күн, Шашу шаштық сол үшін жырдан бүгін. Өзіңе де, өзгеге шуақ сыйлар, Құтты болсын, Розатай, туған күнің! Роза! Бұл есім жаныма сондай жақын әрі жылы, себебі мені дүниеге әкелген аяулы анашымның есімі — Роза! Бірақ бүгінгі айтулы күннің иесі Сыр өңірінің сұлу да сымбатты қызы, ҚазҰУ-нің үздік студенті, алғыр да ізденімпаз, білім мен жаңашылдыққа құштар болашақ журналист, жаны мен тәні "қазақ" деген ерке аруымыздың бірі — Роза Әрен. Розатайдың жылы пейілі мен ықыласына, нәзіктігі мен мейіріміне, ақылдылығы мен өнерлілігіне онымен болған кездесуде тәнті болдым. Кездесу барысында айтылған әңгімеден сондай өжет, білімді, белсенді, тез тіл табысқыш, көңілді қыз екендігіне көзім жетті. Ризамын, Аллаһ жақсылығын өзіңнен аямасын деп тіледім. Тұлпардай зула топ жарып, Сәулесі түсер – бол жарық. Бақыт кеп қонып басыңа, Жамандық өтсін айналып. Қиындықтардан ықпағын, Туыңды қолдан жықпағын. Мен үшін бақыт қашанда, Бәйгеден озып шыққаның. Сені жарық дүниеге әкелген ата-анаңа Аллаһ ұзақ ғұмыр берсін, сенің қуанышыңды қызықтап, жаныңда аман-есен жүре берсін. Жүзіңнен нұр, көңіліңнен шуақ кетпесін, жайдары қалпыңнан танбай күлімсіреп жүргейсің. Мейірім шуақ таптым бір өзіңнен, Ізгілік шамын жақтың жүрегіңмен. Бойыңа асыл қасиет ағыл-тегіл, Өзіңе зор денсаулық тіледім мен! Шын жүректен шыққан ақ тілегімізді қабыл алғайсың! Аман бол, мақсатыңа жет, ата-анаңның абыройын асқақтат, әдемі қыз! Енді керекшілердің жүрекжарды тілектерін қабыл алғайсың!
Авторы:
AKA

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту