Ескі архив · 13.02.2012 12:53

Адольф Гитлердің суреттері

Адольф жас кезінен суретші болуды армандапты. Жай ғана суретші емес, танымал суретші болуды. Сол мақсатының жолында 1907 жылы жас Гитлер Вена қаласындағы суретшілер академиясына оқуға түсуге келеді. Оқуға түсуге тырысқан бірнеше сәтсіз әрекеттерінен кейін, ол жарнамалық хабарландырулар және пошталық карталар сызумен күн көре бастайды. Бұл топтамада Гитлердің сәтті шыққан эскиздерін көре аласыңдар. Онда ғимараттар, натюрморт пен пейзаж, сондай-ақ жалаңаш натуралар бар. Айта кететіні, Гитлер академияға екінші рет емтихан тапсырып жатқанда, академияға түсу түгілі үшінші рет емтихан тапсыру мүмкіндігінен де айырылған екен. Кім білсін, егер ол әсемдікке құштар суретші болып кеткенде, мүмкін тарих өзінің парағын басқаша мазмұндаған да болатын еді. Бір анығы, әлемді жаулап алу туралы жегі құрт оның басында бұл кезде кішкене басқаша қалыпта өрбіген сияқты көрінді.
Авторы:
e_zhalgas

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту