Алматылықтар, Блогкэмпке барамыз!
Құрметті алматылық блоггерлер!
Күн тәртібінде екі мәселе:
1. Астанаға қашан шығамыз? Немен барамыз? Жалпы кім қашан жол жүреді?
2. Алматыда блогкэмптен алдын қашан жиналамыз? Астаналық ұйымдастырушылардың бізге берген тапсырмаларын талқылау керек. (Тапсырмаларды елордалықтар жақында айтамыз деген, не сұрағаныдарын өзім де ұқпадым...)
Сонымен, бірінші мәселе бойынша айтайын дегенім, барлығымыз (по возможности) бірге баруға қалай қарайсыздар? Сосын поездпен барамыз ба, әлде молодежкамен ұшамыз ба? Қайткен күнде, билеттерді қазірден бастап брондау керек (егер ұшаққа десеңдер), ал поездқа уже сатып алып бастау керек, билеттер бар кезде. Наурызға жақындағанда түк қалмайтынын ескеріңдер.
Екінші мәселе. Талғат бастаған оргкомитет Алматылықтар көмектесе ала ма екен деватыр. Соны талқылау керек.
Осы. Жазыңдар тез-тез ойларыңды.
