Ескі архив · 14.02.2012 12:34

Махаббат мейрамы құтты болсын!

Мейрамдарың құтты болсын ғашық жүректер! Жүректерің әрдайым махаббатқа толы болсын. Махаббат барлық қиындықтарды жеңеді. Осы күнді Валентин әулиені қоспай жәй ғана «Махаббат күні» деп атауды ұсынамын. Әр күннің бір тарихы болады, бірақ соның атын қосу бізге жараспайды деп ойлаймын. Тарих тарихымен. Ал мейрам өз мағынасымен қалуы керек деп ойлаймын. 8 наурыз Клара Цеткен коммунист әйел мейрамы демейміз ғой мысалы. Мұндай күндер керек. Осындай позитив сыйлайтын мейрамдар. Сезімін білдіре алмай жүргендер үшін керемет мүмкіндік.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту