Махаббат зынданы(шынайы өмірден алынды жаңа ғана)
Бір досым, жақын бауырым агентпен хабарласып жатыр. Іш-құсаға ұшыраған сияқты. Баяғы сол махаббаттан. Ондай сезім маған да таңсық емес. Біраз жыл бұрын қатты сүйетін қызыммен айырылысқанда көзімнің алды қарауытып, ойым тұманданып кеткен еді. Есімнен кетпейтін. Жаныма салынған мәңгілік дақ. Махаббат дағы. Әлі күнге өшпеген ғой.
Бұл жігіттікі енді басқашалау. Күрделілеу. Қасіреттілеу деседе болатын шығар, қиналып жатқанына қарағанда.
… Екеуі бірін-бірі бұрыннан таныса да дос ретінде ғана араласып жүрді. Бір оқу орынында оқыса да, топтары әртүрлі болды. Қай кезде қарасаң көңілдері жарасып жүретін. Ол кезде қыздың да мінезі періштенікіндей, айналасына мейірім шашып жүретін. Бірақ агентте отырғанда ағайн-туыстарына деген өкпесінен көп пессемистік пікірлер қалдыратын. Көп ұзамай екеуі "Қыз бен жігіттің арасында достық болмайдының" кебін киіп, ғашықтар атанды.
… Содан бақытты күндері басталды. Жарты жыл өтті, бір жылға жақындады. Араларында барлығы тамаша. Жігіт қызды үйіндегілерімен таныстырып қойды. Үйленудің жоспарын да жасаумен басын қатырып жүрді.
Екеуі де оқу бітірді. Дипломдарын алды. Бірақ жігіт ауылға, қыз қалада жұмысқа тұрды. Қыз бір-екі рет ауылға өлсе де барғысы келмейтінін айтқаны бар да. Ал жігіттің ауылы алшақ орналасқан. Содан қыздың көңілі суи бастаған сияқты.
… Бұны жігіт те сезеді. Сүйіктісінен айрылып қалмас үшін алып қашады. Басында қыз жақпен біраз хай-вай болады. Бірақ кейін барлығы сабасына түседі. Екі жастың болашағын ойлай бастайды. Қуғыншылар келеді. Тойдың уақыты, қалың малы келісіледі. т.с.с.
… Содан бері көп уақыт өте қойған жоқ. Алайда шаңырақ көтерілмей сол қалпы қалып қойды. Жігіт іш-құсадан бұрын дәмін татып көрмеген арақты сіміріп отыр. Досы кетіп, дұшпанына жолықты.
Барлығы да қыздың тұрақсыздығынан болды. Өзінің, болашақ жары бола жаздаған бұрынғы сүйіктісінің ата-анасының батасын ала тұра, басына орамал таға тұра артына қарамай кетіп отырды. Себебін досым түсіндіре алмады. Өйткені өзі де білмейді. Бірнеше болжамдар айтады, бірақ болар іс болды. Қыздың тас-жүректігі сондай, бұрын өліп-өшіп сүйген жанын ел-жұрты алдында қара бет қылып барады. Мүмкін қыз о бастан жігіттің сезімімен ойнаған шығар…
Егер бұрынғының Теңгелері болса "Қайтқан малда қайыр жоқ" деп шашынан сүйреп болашақ құдаларына өздері апарып берер ма еді. Бірақ не керек қыздың қырық жаны бар. Ал досым болса махаббат зынданына қамалып, күзетшісі қайғы, серігі арақ болып сергелдеңге түсіп отыр.
