Әйелдерге кеңес
Қазір қыздарға жігітті қайдан табу, қалай табу, қалай ұстап қалу туралы ақыл айту сәнге айналды ғой. Мен де бір сайттан оқыған ақылдарыммен бөлісе отырайын. Алып-қосарларың бар ма?
— Өзінің өткен өмірі туралы «ләм» деп жақ ашпайтын еркектен аулақ жүр.
— Эмоциялық жағынан сен оған тәуелді болғандай саған тәуелді болмаған еркекке жүрегіңді ұсынба.
— Қасында өзіңді үрейлі сезінетін еркекке жүрегіңді ұсынба.
— Әзірге тек бөтен адамдар туралы болса да, өтірік айтатын еркекке сенбе.
— Сен оның өмірінде опасыздық жасағаны туралы білетін еркектен аулақ бол.
— Сенің жағдайың жаман кезде өзін жақсы сезінетін еркекке ғашық болма.
— Сені қорлағаннан ләззат алатын еркекке ғашық болма.
— Істеріне қарағанда сөздері үнемі ізгі де асқақ болатын еркектен аулақ жүр.
— Тым билікқұмар, барлығын да өз айтқанымен жүргізуге құштар еркекке жолама, өйткені жақын арада оның ұлы мәртебесінің маңында шыр айналып жүретін елеусіз ғана кішкентай серігіне айналып кетуің мүмкін.
— Егер сондай қылықтары сені ыңғайсыз жағдайға түсіретін болса, сүйкімді, қорғансыз, сезімтал болудан қорқақтайтын еркекке ғашық болма.
— Сен ол туралы тек өзі айтқан нәрселерді ғана білетін еркекке жүрегіңнен орын берме.
— Саған деген ынтықтығы жоқ, тек анда-санда өз бетімен келіп-кетіп жүретін еркекке бауыр баспа.
— Зорлық-зомбылық көрсетуге жаны құмар еркекпен жақындаспа.
— Тіпті өзге адамдарға қатысты да ашуына ие бола алмайтын еркекке ғашық болма, өйткені сен оның келесі құрбанына айналып кетуің мүмкін.
Тағы бір қосарым (бұл таза өзімнен):
— Тұқым қуалайтын немесе өзге да жазылмайтын науқасы бар еркекке жолама. Ол ауру сенің балаларыңа берілуі мүмкін.
— Көзі қыли, тісі қисық немесе нашар еркекке де тұрмысқа шықпаған абзал. Ол да сенің балаларыңа берілуі мүмкін.
Дереккөз
