Ескі архив · 15.02.2012 23:01

Онлайн Бизнес немесе бір ой келіп еді.........

Ассаляму Әлейкум деп бастасам дұрыс болар!!! Мен осы сайтқа тіркелгеніме бір-екі ай болып қалды, бірақ жазуға енді қолым жетті! Өте жақсы сайт, өте қызық!!! Сол, менде қарап қалмай бір ойымды жазайын дедім. Өзімді таныстыра кетейін, есімім Нұрлан! Аршатты сыртынан танимын(мына сайтты жасағаны үшін қатты сыйлаймын). Голландиядағы Мурат Оңал ініміз арқылы. Бизнесте жүргеніме бір 10 жылдай болып қалды. Ащысында тәттісінде татып үлгердім бұл кәсіптің(егер солай атауға болса). Осы 2 күн болды жаңа компания құрдым, IT-саласында, сол сайт жасау және бағдарламалар жазу және консалтинг мамандығынанда хабарым бар(жарнама болып кетпесін, әрине). Сәл-пәл футболғада қатысым бар. Айтайын дегенім мынау: Мен бір сайт ашайын дедім, атында ойлап тауып қойдым «mybuisnesshistory.kz», былайша айтқанда менің бизнес хикаям! Бірінші күннен бастап не болып жатқанын жазып отырамын, қалай болды? не болды? не істедім? қандай қиындықтарға тап болдым? кімнен тапсырыс алдым? ол тапсырысты қалай орындадым? қанша таптым? қандай шешімдер қабылдадым? кім менен ақша сурады? қанша беріп құтылдым? және қанша қаражат жұмсадым? Әрине мұның бәрі жоспар. Сіздерден ақыл сұрайын дедім! Бұл көп адамға көмек ал мен үшін жарнама(әңгіменің ашығы)! Былайша айтқанда кәдімгі сериал! Бірақ кейіпкерлер біз өзіміз! Сізде болуыңыз мүмкін!!! Қалай ойлайсыздар, ағайын?
Авторы:
KazaXXX

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту