Ескі архив · 15.02.2012 10:33

Әулие Валентинге Құран бағыштаған жігітті қызы тастап кетті

14 ақпан күні Алматы қаласындағы "Қажы баба" мешітінде Әулие Валентин рухына бағыштап Құран оқытқан Асылбек Көшімханды 4 жылдан бері жүріп жүрген қызы тастап кетті. Асылбек Көшімхан: — 4 жыл бірге болдық. Мұның туған күні бар, Ғашықтар күні бар, 8 Наурыз, Жаңа Жыл бар, алғашқы қол ұстасқан күніміз, алғашқы сүйіскен күніміз барлығы 50 шақты сыйлық алыппын. 7 өлең жаздм оған арнап. Неше түрлі жұмсақ ойыншықтар, аттарын білмейтін гүлдер алдым. Апармаған рестораным жоқ. Небір концерттерге де бардық. Биыл бір рухани тазару мақсатында мешітке барып, Әулие Валентинге арнап бір дұға жасап, Құран бағыштайын дедім. Әлхәмдулиллах мұсылманбыз, бірақ та ол кісі де әулие адам, жастарға жақсылығы көп болған адам ғой. Сол себепті осындай тосын сый жасағым келіп еді. Мені дұрыс түсінбеді. Евстафий әкей (Никольский соборының епископы): — Бұл жігіт есімде. Өткен жылдары Санта Клаус киімін киіп алып, біздің храмға жақын маңда құрбан сойған еді. Сосын біздің прихожаниндерге қуырдақ таратты. Әрине дұғасын Алла қабыл етсін дейміз. Бірақ, біздің діни конфессиялар арасында татулық, діндер арасы диалог дегеніміз бұл емес еді негізі.
Авторы:
Rafaello

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту