Дорбаңда не бар?
Сонымен, қыздар мен ұлдар, дорбаларымызда не бар екен?
Қыздардың дорбасында «порядоктан» басқаның бәрі бар дейді. Ол таза шындық))) Әр бір рет дорбамды тап-таза қып жинастырып, ретке келтірем де, ылғи осылай жүрем деп уәде берем өзіме. Сөзімде тұрмаймын.
Ойынның шарты, дәл қазір, еш өзгертусіз, ешнәрсені алып тастамай, дорбаның ішіндегіні шығарып, тізіп шығу (Админко бір нәрселерді алып тастайсыңдар дид, олай болмасын)
Сонымен:
— қолғап, әмиан (оның ішін ашпадым), флешка, мини әтір, ерінге арналған жылтыр май, тырнақ бояуы, тырнақты мықты қылатын сұйықтық, қайшы, пинцеттің екі түрі, қасқа арналған қарындаш, пилочка, айна, екі тарақ, 1612 теңге, ескі симка, жеке куәлік, кілт, қасты тарайтын щетка, мп3-тің сымы, пудра жағатын щетка және қоқыс қағаздар: автобус билеті, мекеменің реквезиттері, телефон жазылған қағаздар, визиткалар, тізім жазылған қағаз + ванна қабылдауға арналған тұздың шашылып қалған ұнтағы (жинауға ерііініп жүр едім, ұят болса да салдым енді).
