Ескі архив · 18.02.2012 01:05

Қазақтар әлемді жаулап барады

Қазақтардың мықтылығын мойындап, қол қойғаныма жиырма жылдан асып бара жатыр екен. Содан бері өзімнің ұлтшылдығымды мойындап, қол қойғаннан кейін, ендігі мәселе кейінгілерге ата бабамыздың ұлағатын насихаттау деп түйіп қойғанмын. Алайда тарихқа тартыс күннен күнге өршіп бара жатқанға ұқсайды. Бірі Шыңғысханды қазақ қылуға талпынса, Бірі қытай Елшібайды ата бабам деп соғып та жібергені жасырын емес. Алайда, әлқиссасы алда… Әлқисса… Көп болды, Абай.кздан Әмірхан Балқыбек шығармаларын күтіп жүріп оқып жүрмін. Оның тарихқа үңілген ізденістері мен деген қай қазақты да бей жай қалдырмасы анық. Трояның иесін қазақ (түркі, бірақ мұрагері қазақ емес пе?!) қылды, Шыңғыс ханға «Алпамыс»жырын жаттатты, тіпті Бірқұдайлықты қазақтан таратты. Бәріне еліп ете қоймасам да, елеңдегенім рас. Бірақ, бүгінгі оқығаным… Бүгін Балқыбек ағамыз орыстың Абайы (жалпы, ақын болмаса да, Пушкиннен гөрі Достоевскийді Абайға ұқсатам) Достоевскийді қазақ етіп, Достай қарттың баласы етіп шығарыпты да қойыпты. Шыны керек осы күнге дейін бұл тұлғаның Даланы дәріптейтінін көріп те, естіп те жүргенмен, жағдайдың дәл бұндай 180 градусқа бұрыларын күтпеп едім. Бірақ, шынымды айтсам, "Қылмыс пен жазасын" оқығандықтан, оның қазақ болып шығуын қалайтын секілдімін. Бірақ кім білсін? Үміт пен күдік таразыда… Дереккөз
Авторы:
kokbori

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту