Ескі архив · 20.02.2012 11:07

Ақпараттар ағыны - 20 ақпан 2012

Forbes "Әлемнің ең кедей 5 миллиард адамы" тізімін жариялады *** Астанаға «Red Hot Chili Peppers» келетінін естіп қуанған астаналық жастар интернеттен бұл топтың «Californication» әнінен басқа әндерін іздеуде. *** Уганда, Руанда және Чад мемлекеттеріндегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі қаңтар айының айлығына Уганданың ең танымал футбол клубы «White Elephants» клубын сатып алды. Команданың жаңа аты: «Ordabasy Elephants». *** Астанада көшеде қатып қалған 3 әйелдің мәйіті табылды. Қайғылы жағдайды терезеден көрген куәгердің айтуынша олардың жолын 3 сағат бұрын қара мысық кесіп өткен. Адам аз жүретін көше болғандықтан әйелдер 3 сағат тапжылмай тұрудың кесірінен үсіп өлген дейді мамандар. *** «Моймирда» кеше Бәйтеректің ішінде түскен миллионыншы сурет жүктелді. *** Көрермен санын арттыру мақсатында алматылық "Қайрат" клубы жаңа маусымда әйелдер, балалар және гейлерге ойындарға кіру тегін екенін жариялады. *** Шымкенттік Бас редакторлар клубынан қазақ блогерлеріне қолдау. "Қазақ блогтарына неге тосқауыл қойылды? Тезірек ашылуын сұраймыз" деп министр блогына сұрау жіберілді. *** Қонақүй бөлмесінде шамадан көп есірткі қолданудан өлген жас жігіттің әзірше аты-жөні белгісіз. Танымал бір әнші болуы мүмкін деп отырмыз дейді баспасөз қызметіндегі қыз.
Авторы:
Rafaello

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту