Ескі архив · 20.02.2012 22:35

Ақпараттың сілтемесін беріп отырыңдар, журналистер!

2011 жылы 25 қаңтар күні «Мәліметтер» сайтында "Угги етігі зиянды ма?" атты мақала жарияланды. Сол жылдың 20 сәуірі күні «Алаш айнасы» газетінің «Білгім келген бір сұрақ» айдарында угги етігінің денсаулыққа зияндылығы туралы материал шықты. Аздап өзгертіліп, мақала қысқартылған нұсқада берілді. Бірақ ешқандай сілтеме жоқ. Салыстырып қарағанда асты қызылмен сызылған сөздер мен сөйлемдер 99,9% дәлдікпен көшірілгендігі анықталды. 0,01% сай келмеуінің себебі біздегі мақалада бір үтірдің қойылмауында. Суретті шертсеңіз, анық көрінеді «Алаш айнасы» газетінен де мақала алған кездерім болды. Бірақ міндетті түрде заң талаптары бойынша сілтемесін көрсететінмін. P.S. Артық қыламын деп, тыртық қылды. Мақаланың алғашқы сөйлемін басқаша жазамын деп, сөйлемді қате жазып жіберген.
Авторы:
Zako

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту