Ескі архив · 20.02.2012 15:40

Қайтсек «жұлдыз» боламыз немесе кемшіліктерімізді білеміз бе?

Қазақша КВН жастар сүйіп ойнайтын ойын. Бұл ресми сөз. Бірақ қандай жастар ойнайды? Көрермені кім? Осы сұрақтарды көптеген командалар көп жағдайларда айналып өтетін сияқты. Ия, ия, білемін, қазір «Олай емес братан!», «Біз ойланамыз!», «Не істесек те барлығы көрермен үшін» дейтіндер табылады. Бірақ өкінішке (мүмкін бақытыма) орай мен КВНды көрермен ретінде қарай алмаймын. Сондықтан редактор көзқарасымен бізге не кедергі жасайды, қандай кемшіліктеріміз бар, санап өтейін. Бірден ескертейін, бұл жерден алып, жерге салып жамандау емес. Бір қорытынды шығарып, ары қарай сүйікті ойынымыздың дамуына себеп болса деген ой. Адекватты пікірлер болса тыңдауға дайынмын. Сонымен: Бірінші кемшілік: Және де ең үлкен кемшілік сауаттың аздығы. Бұл жекелеген емес, жаппай құбылыс. Ешкім жаңалықтар қарамайды, оқымайды. Тіпті кейбір командалар ОБСЕны дұрыс айта алмай, қарапайым сөздерден сүрініп жатқанына қарның ашады; Осындан шығатын екінші кемшілік: жаппай гон әзілге көшу. Әйтеуір бет аузыңды қисайтып, шала орысша сөйлеп күлдірсек болды дегенге саяды. Бұдан әзіл арзандайды, алысқа шабатын топтар да құри бастайды. Әрине, гон болу керек, бірақ шамадан аспаған дұрыс. Үшінші қателік: Артық қылам деп тыртық қылу. Яғни, біз саясат айтамыз деген желеумен бетке былш еткізіп, шекеден тарс еткізеді. Негізі саясат болсын, белден төмен болсын әзілді ыммен жеткізуге болады. Астарлап, сөзбен байлап. Әзіл тауып; Төртінші қателік: Әнге ден қоятын топтардың аздығы. Неше түрлі тамаша әндер бар. Бірақ соларды өңдейтін, әдемілеп орындап шығатын командалар кем де кем. Бесінші қателік: көңілшектік. Бұл көбіне жас командаларда болады. Әркім топтас досының көңіліне қарап, рөлді бөлгенде де нашар ойнайтын адамға береді. Бұл тіпті кейбір командаларда ойын басталғанша рөлді бөлмей, ойын қорытындысына әсер етіп жатады; Алтыншы қателік: Жалқаулық. Ия, ия, КВНға екі күн қалғанда емес, шығармашылық процесс үнемі жүріп жатуы керек. Әйтпесе «Ал не істейміз?» деп желке қаситын немесе «Братан, бізде ештеңе жоқ! Ертеңге дейін туамыз!» дейтін командалар өте көп. КВН ойнаймын деп нақты шештің бе, ендеше қолыңа ал, нәтиже көрсет! Сен редактор үшін де, көрермен үшін де емес, бірінші кезек өзің үшін ойнайтыныңды ұмытпа! Сонымен қортындылайық: Көрерменді тәрбиелейтін ең алдымен ойыншы, командалар. Егер біздің шынымен де парасатты, то биш интеллигентті көрермен болғанын қаласақ алдымен өзімізден бастағанымыз дұрыс сияқты. Телеэфир де осы кезде түзеліп, жалпы қариялардың «Қазіргі жастар бұзылып бара жатыр!» деген сөзінен де құтылушы ма едік? Құрметпен Алмас Көзілдірік www.kazkvn.kz/?p=212
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту