Ескі архив · 20.02.2012 14:46

СМС!

Өлең емес бұл, жай ғана смс… Көркемдік сапасы да сол тұрғылас, яғни поэзиядан гөрі ауызекі қара өлеңге жақын. Десек те, бір кәделеріңізге жарар, оқи отырыңыздар. Сын айтамын десеңіздер де, мархабат! Санамды сиқырладың ба Не құдірет бар көзіңде, Тәп тәтті бұртиғаның да, Өкпелеп қалған кезіңде. … сөйлесу мүмкін болмайды, Телефон сөнген, қай заман, Сонда да үміт солмайды, Нөміріңді терем қайтадан. Сағынтып… Әлде сағынып… «Иә» дейсің шаршау үнменен, Күткен ғашыққа зарығып, Жарты бақыт қой бұл деген. Тым жаман жауап күтпеймін, (күдік те жақын кеп тұрады.) «Жарайды» дейсің… «Уфф» деймін. Үстімнен ауыр жүк құлап. «Кешірім сұрай бересің, Дұрыс па осы, айт өзің… Шектеулі бәрі білесің, Таусылса бір күн, қайтесің» Тағдырдың сыны осы да, Тым басқа еді күткенім… Сендегі кешірім таусылса, Менің де мүмкін біткенім. Ренжіп ал, тартады аяғын, Еркелеп кетсе, тентегің, Жасытпа бірақ, жанарын Кеше сал… Таныт кең пейіл! Сезімге сызат түсірме. ...өкпеңнің орны бөлек қой, Қайтадан ренжу үшін де, Кешірім беру керек қой! Азамат Азаматұлы Астана қаласы 18.02.2012
Авторы:
aza

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту