Ағы қайсы? Қарасы қайсы?
Колледж кезінен араласып, сол уақыттың өзінде дос деп бір-бірімізге «айдар» тағып салғанбыз, содан бері ажырамастаймыз. Ол орыс тілді, қазақшасы да бар біраз, мен қаймағы бұзылмаған қазақ ауылынанмын. Бұрын соншалықты мән бере қоймайтынмын оның ала тіліне, бірақ ара-тұра «Бауырым қазақша сөйлесеңші» айтып та қоятынмын.
Жақында кәдімгідей жаға жыртысып, жұдырық сілтесіп қырқысып қалдық. Жағдай тіл, дін, партиоттық төңірегінде әңгімеден қозғалып, мен оған қазақша сөйлеу қазаққа парыз екеннін, Желтоқсандағы боздақтардың не үшін қан төккеннін айтып өрекпіп кеттім. Оның шылым шегіп, сыра ішуін де шариғат заңына қайшы екенін, жалпы өзімнің дұрыс деп санайтын ұстанымымды алға тарттым. Негізі базар жоқ жігіт басқа жағынан тек пікір қарама-қайшылығы туындады, кімдікі дұрыс, кімдікі қате оны қайдан білемін деп басым қатты.
Ал ол «Мен қазақша толыққанды білмейтініме, қалада өскеніме кіналы емеспін, париоттық ол жүрегіммен өлшенеді, қазақ тілінде мен керек кезде сөйлеймін „Я говорю на каком языке мне удобно тебя это **** что ли? У каждого своя правда!“, егер мен өзімдікін қате деп айтсам мен жалпы өмірімнің мәнін жоғалтамын» деп қарсыласты.
Мен жиі естимін, сен осылай ойлайсың, мен осылай ойлаймын, ол әркімнің өз ұстанымы.
Өз ұстанымың өзіңе ыстық екені түсінікті, сенің ұстанымың дұрыс десе қандай жақсы ә?! Бірақ ортақ ереже бар шығар адамзатқа. Егер Қадыр ағам «Ана тілің — арың бұл» десе де, ол өзінің ұстанымы. Сонда ақиқат қайда? Оны қайдан аламыз?
Тағы бір жайт, Ақзере Уордпресстің жай-күйіне алаңдап Он.Кз-те жазба қалтырған. Уордпрессті қазақша интернетке үлкен серпіліс әкелген платформа деп санаймын.
Сонда блогшы Ғазиза Ұзақ атты апай
Сосын күйініп кетіп массагетте-те мен соны екінші рет ескерте кетуді жөн санадым.
Тағы ойланып қалдым. Қарап тұрсаң, мүмкін ол кісінің айтқаны дұрыс шығар, менікі қате шығар. Сонда қай кезде өз ұстанымыңда қалу дұрыс? Шындықты қайдан аламыз?
