Ескі архив · 21.02.2012 03:22

Сен туған күн - мерекеміз!!!

Бүгін, яғни 21-ші ақпан вешній студент, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ізденушісі & мұғалимасы, Ақтөбенің тумасы, Астананың девішкасы болып қалқып, Минскіде миллионер боп шалқып жүретін, интернет әлемінің белсенді қолданушысы, һәм мен жақсы көретін батыстың бестиясы — Әйгерім Бөрібаева-Кеулімжайдың туылған күні! Әйгерім қыз, мерейтойыңмен! От болатын, шоқ болатын, бар болатын, жоқ болатын, жын да пері — 25 жас мүшел жасың құтты болсын! Адам баласы бір-бірінен озса, көркем мінезімен, өнер-білімімен озады. Кітап, оқу оқып, сурет салып, өлең жазып, әдемі қалжыңымен құрбы-құрдасын қағытып қойып, енді бірауық интернет әлемін де әдемі жазбаларымен әлдилеп, маман тәрбилелеп, ғылым қуып, дүниенің бар ғажабынан құр қалмауға үлгеріп жүретін 21 ғасырдағы қазақтың көзі ашық қызы өзіңдей-ақ болсын. Құшағың гүлге толып, бақытқа бай болып, салтанатың келісіп, өмірді күліп кеше бер, еххху! Сен туған күн — мерекеміз, Ән бастайық, кел, екеуміз. Ұмытпа сен, құрбым, Есте қалсын мәңгі бұл күн. Жасқанба, жасыма, Отыршы қасыма, Басталсын бір терең әңгіме. Қуансын ел ертең, Қолыңды бер, еркем, Жалғыздық жойылсын мәңгіге. Көп жүріп сарылып Жетсе де кәрілік, Қақпаңды ашпа сен уақытсыз. Жастықтың жарығын, Жүректің жалынын Өшіріп алған жан бақытсыз.
Авторы:
19852407

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту