Ескі архив · 21.02.2012 00:40

Шымкенттік қарақшы журналистер

Көптен бері ұры журналистер туралы ләм-мим демей кетіп едім. Пернетақтам қышып қалыпты бүгін Сонымен, қарақшы газеттерді әшкерелеудің екінші маусымын ашық деп жариялаймын. Оңтүстік Қазақстан облысында шығатын «Замана» атты облыстық газет бар. Оқуға-тұрарлық және тұрмайтын мақалақалалар мен емші-бақсыларды пиарлайтын мақалаларды жиі жариялап тұрады. Бүгіндікке сол газеттің Интернеттегі сайтынан қарақшылық жолмен алынған үш мақаланы таптым. Бұрынғы блогта жазған мақалам және кейін «Мәліметтер» мен «Ана мен бала» сайттарында жарияланған мақалаларымыз аздап өзгертіліп, өңделіп, басқа авторлардың атынан жарияланып кеткен. Қазақстанда тіркелген қазақтілді газеттердің көбі Шымкентте орналасқан болса керек. Солардың қаншамасы Интернеттегі мақалаларды ұрлаумен күнелтіп келеді десеңізші. Оңтүстікте іліпалар бірнеше газет болса, соның бірі осы «Замана» газеті болар дейтінмін. Сөйтсем бұл газеттің журналистері мен тұрақты авторлары кейде Интернеттегі оқуға тұрарлық мақалаларды аздап өзгертіп, өз аттарымен жариялай береді екен. Енді не істеймін? Тағы да соттасамын ба шымкенттің ұры журналистерімен? Соттасатын болсам, көмектесетін адамдар бар ма?
Авторы:
Zako

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту