Ескі архив · 22.02.2012 18:34

Мақала, фото ұрлаған газеттердің тізімі

Уа, блогшылар, Интернет белсенділері, еріктілер, Блогшылардың барлығының арты таза емес екенін білемін (пост ұрлау, сілтеме қоймау, фото ұрлау). Десек те ең ұяты онмыңдаған халыққа тарайтын газет-журналдардың блогтар мен сайттардан мақала, әлеуметтік желілерден отбасылық фотоларды ұрлайтындығы анық қой. Айта-айта ауыз, жүре-жүре аяқ талды. Соттан қайыр болмады алғашқы ұмтылыста. Бірақ онымен тоқтап қалмайық. Соттасу-оттасу ниеттерің болса, хабар күтемін (жеке хат). Қазақстандағы қазақтілді ұры газеттердің тізімін жасауға көмектесіп жіберсеңіздер екен. Дәлелі болмаса, жазып керегі жоқ. Мен бастадым: • Алаш айнасы • Жас қазақ • Әйел денсаулығы • Сырласайық оңаша • Ақжүніс • Ауырмаңыз • Шипа • Әйелдер құпиясы информ • Жәрдем • Замана • Тылсым дүние • Шаңырақ.kz • Балбөбек-ай • Ақ босаға • Керек инфо (газет) • Жүз жасаңыз Шымкент пен Алматыдан басқа қалаларда шығатын газеттерді тексермегендіктен, олар жайлы ақпарат жоқ. Білгендеріңіз жаза отырсаңыздар екен. фото: nothinginwinnipeg.com
Авторы:
Zako

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту