Youtube-тен қалай жүкті боламын?
Өткенде бір офиссымаққа барып, Исаның азабына куә болдым. Мел Гибсон өзінің ғақылия киносының жалғасын түсіріп жатқан жоқ па деп, қ ам жеп қалдым, понтийпилатсстың.
Очм, екі қатын компьютерін Youtube-тегі видеодан жүкті қыла алмай жатыр екен. Қайдағы бір программаларды қойып алған: онымен видеоны көшіріп болғасын, тағы программамен конвертиң жасап барып көреді екен. Әрі, ол программаны білетін қыз да ұстата бермейді екен.
Youtube-тен жүкті болудың әзірге маған белгілі ең оңай жолы былай бов тұр. Дачы.
1. Мына сілтемемен барып, анабір жасыл "+ Add to Firefox" деген түймені басыңыз:
2. Орнатып тастаңыз.
3. Firefox-ты жауып тастап, қайта жүктеңіз. Енді Youtube-ке барсаңыз, видеоның сол жақ жоғарғы бұрышында төгілмелі мәзірі бар түйме пайда болады:
Сол мәзірден "Ісқашадты" басыңыз — бітті. Компыңыз mp4-форматтағы дайын файлға әп-сәтте жүкті болады.
Банзай Исажарболғыр мүмміндер, буддақолдасын сендерді!
