Ескі архив · 23.02.2012 00:20

Білгім келген екі сұрақ: Сілтемесіз болмай ма?

Менің білгім келгені: блогшылардың жазбаларын газеттерде жариялағанда блогшыға немесе блогқа сілтеме жасау міндетті ме? Қошан Әбдідік, журналист, Алматы қаласы Иә, міндетті. Неге? Қошан Әбдідік, журналист, Алматы қаласы ҚР «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңына сәйкес, егер тыйым салынбаған болса, блогтағы жазбаларды кез келген мақсатта автордың рұқсатынсыз көшіруге болады, бірақ сілтемесі міндетті түрде болу керек. Ал егер блог авторы рұқсатсыз көшіруге тыйым салса, рұқсат алмайынша газетіңізде жариялай алмайсыз. Ол әрекетіңіз заңға қайшы келеді.
Авторы:
Zako

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту