Benetton-ның біріккен түстері
Benetton жарнамалары киім сатып алуға үгіттемейді. Олар барынша қоғамдағы әлеуметтік тақырыптарды көтеруге тырысады, нәсілшілдік, бөліну, СПИД сияқты. Бұл фирма жарнамалары үлкен жанжалдар, пікірталастар туғызса да осынысымен өздеріне имидж істеп алды.
80-шы жылдардың ортасында жастарға арналған киімдер шығарып жүрген бұл фирма Оливьеро Тоскани атты фотографқа жарнама бөлімін басқаруды ұсынады. Тоскани «United Сolors of Benetton» (Бенеттонның біріккен түстері) атты слоганды ойлап табады. Сол кезден бері Бенеттонның жарнамалары — біз жарнамадан көріп үйренбеген біртүрлі фотолар.
Адамдар бір біріне байланған, бірге өмір сүруге мәжбүр барлық адамзат.
Мына сурет фирма тарихында ең көп жүлде алған сурет.
Африкалық бір тайпадағы альбинос қыз.
СПИД-ке қарсы акция
Нәсілшілдікке қарсы акция, 3 нәсілдің жүректері.
Жануарлар үшін түс маңызды емес, ал адамдарға неге маңызды?
Танымал постерлерінің бірі, сүйісіп тұрған монах пен монашка.
Қауіпсіз жерге көшіп бара жатқан адамдар.
Итальян кемесіне мініп жатқан албан босқындар.
Автомат және адам сүйегін ұстаған жігіт.
Барлық адамдар бірдей постері.
via buy-books.ru
