Ескі архив · 26.02.2012 00:16

Ғажайып

Осыдан тура жеті жыл бұрын… Дәл осы күні, дәлірек айтса, түні, мен өмірімде алғаш рет сол бір керемет сезімді бастан кешірдім. Дүниенің ешбір рахаты онымен тең келмейді екен. Алдымен не болғанын ұқпай қалдым, содан кейін күлдім, содан кейін ағыл-тегіл жыладым. Өзімнің енді шынымен басқа адам екенімді, енді ешқашан бұрынғыдай бола алмайтынымды сол сәтте ұғындым. Шын мәнінде жақында ана болатынымды сол кезде бірақ мойындадым. Бүйірімде әлдене жыбыр ете қалғанда, дүние төңкеріліп, өмір түрленіп сала берді. Бойыма енді жан біткендей, жаңа бір күш, қуат құйылғандай сезіндім. Кейіннен, өзге балаларға аяғым ауырлағанда, сол бір алғашқы тәтті сәтті жіберіп алмайыншы деп, уақыты жақындағанда түн баласы құрсағыма алақанымды қойып, ұйықтамай шығатын кездерім де болды. Әр баламның алғаш қимылдағаны күн, сағат, минутына дейін есімде. Сол бір ғажайып сезімді тағы да бастан кешірем бе, жоқ па, Алла біледі, бірақ менің өмірімде ол болды, бір емес, бірнеше рет болды. Сол сезімді бастан кешіруді нәсіп еткен жаратушыға ризамын.
Авторы:
dark_nazgul

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту