Ескі архив · 26.02.2012 21:16

"Өйткені бұл өмір!" немесе әмбебап жауаптар

Пікір білдіргің келіп бара жатыр, бірақ ақылды ештеңе ойға түспей тұр, ал өз ойыңды жазып жіберуге біртүрлі ұяласың, не істеу керек? Саспа, ондай мәселе туса, талай бұқатірестерде сыналған, төмендегі әмбебап жауаптар саған көмек болып қалуы мүмкін деген ниетпен, әмбебап жауаптар сериясын бастап жіберуді жүн көрдім. «Бүкіл қазақтың атынан жауап берме!» Бұл пікірді біреу көптің атынан пікір жазғанда қолдануға болады. Мақсат — пікір білдіруші өзіне көп алып отырғандығына назар аударту. Ұқсас мысалдар көп, соның кейбірлері: "Өзіңе жауап бер", «Бұл жерде „біз“ сөзі көңілге кірбің ұялатады!© Сатыбалды» «Пәленбай және біз» деп бөлінгелі қашан?" Мысалы: «Бұныңыз масқара ғой! Түркілер ешқашан ешкімен жыныстық қатынасқа түспеген!» "Өзіңе жауап бер!" т.с.с:*)) *** "Өйткені бұл өмір!" — Біреудің іске аспайтын, жүрмейтін заңдарға өкініші, өтпейтін әзілдеріне реніші, жеген таяғына жылауы, адамдардың кемшіліктеріне налуы, тағдырдың құйтырқылығына келіспеуіне айтылатын жауап. Сонымен қатар, кез-келген құбылыстқа бағытталған сынға әмбебап жауап. Мақсаты: Қалыптасқан жағдай, құбылыстың қалыпты екенін, бұрын да солай болғанын және пікір бағытталған адамның жылап-сықтауына қарамастан солай бола беретінін, сондықтан денені бос ұстап, қалыптасқан жағдайдан ләззат алуға, не болмаса шыдауға тырысу керектігін білдіру. Ұқсас тіркестер: «Бұйрық солай!», «Барлығы бұйрықпен болады», "Өйткені бұл керекинфо!", "Өйткені, бұл СПАРТА-А-А-ААА!" Мысалы: — Түсінбеймін, неге парақорлар тайраңдап жүреді, ал шын еңбекқорлар қор болып жүреді? — Өйткені бұл өмір. — Өмір емес әділетсіздік ғой бұл! — Бұйырғаны сол боп тұр енді.:*)) *** «Ащы болса да шындық» Өкінішке орай, сіздікі дұрыс -дегенді білдіреді. Мақсаты: Негізі әу баста ешкім айтуға бата бермейтін, тура қарауға бата алмайтын шындықты біреу именбей айтса, соны мойындау үшін қолданылатын тіркес. Айтушы сөйте тұра, ең таптаурын, дәлелді қажет етпейтін, көрегөз фактілерге сұмдық бір емделмейтін ауруды жаңа ғана тапқан дәрігердің қайғылы үкімі сипатын бергісі келеді. Кейде керісінше, жауапты рас-өтірігі дәлелденбеген, тексерілмеген бірақ ащы естілетін сөздерге қаратып та қолдана береді. Дұрыс мысалы: — Түбінде өлетініміз анық! — Хехе, ащы болса да шындық. Бұрыс мысалы: «Байлардың барлығы ұрылар!» — «Ащы болса шындық! »Қазақ әншілерінің барлығы шетінен мұңайған боқ!" — «Ащы болса да шындық!» *** «Тілімді қышытпа менің! Көп болса ағаң мілитца шығар» :*)) Пікірталас, бұқатірес жекеге өтіп кеткенде қолданыдалады. Мақсат: Реалда: Пікірталасушы ашуланғандығын, керек болса радикалды шараларға, авторитетпен қыспаққа алуға баратынын білдіретін қоқан лоқы. Мысалы: Аузымды қышытпа дегенде қышытпа, мына таяқпен салып-салып жіберейін бе! © Бердібек Соқпақбаев Интернеттерде: Айтушы әрі қарай конструктивті қиалог жүргізу мүмкін еместігін, және пәтуасы кеткен әңгімені жалғастыруға жоқтығын, алайда ермек пен күлкі үшін балағаттасудан тайынбайтынын білдіреді. *** «Көш жүре түзеледі» Блогшылардың журьедан, журьеның шенеуніктерден үйренген жауабы. Кез келген «факапқа» алдын ала дайындалған жауап. Анальды жазаны белгісіз уақытқа созуға мүмкіндік береді. Мақсат: Әдетте сынаудың әлі ерте екенін білдіру үшін қолданылады. Реалдағы ұқсас нұсқалары: «Біткен іске сыншы көп», «Бұл бағытта қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр» Мысал: — «Сайттың ережелеріне немқұрайлық көп.» — «Ережелердің жазылғаны кеше емес пе? Көш жүре түзеледі.» Басқа мысал: — «Сонша ақша жұмсап, түсірген фильмдерің осы ма?» — «Көш жүре түзеледі, не болд сонша?!» Толықтыра түсейік!;kz
Авторы:
Gastarbaiter

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту