Ескі архив · 01.03.2012 16:38

Көктемді бір нүктесіз...

Көктем келді. Йо-йо! Қыздар, тондарымызды шешіп, қабат-қабат колготкіні де лақтырып, түрімізді жөнге келтірейік! Қыс бойы қомағайланып жей берген самсаларды азайту керек. Бастысы, бет тегіс болу керек. Көп қыздың, не то што қыз, ұлдардың да бетінде болатын қара нүкте ше?! Сол нүктелерден құтылудың жолын тауып алдым. Бөлісейін бе?! Әсері бар болған соң айтайын деп тұрмын. Көктем басталмай жатып-ақ менің бетімдегі нүктелер қармен бірге еріп кетті. Ты не поверишь! Сонымен, супермаркетке барасыз да, мына заттарды сатып аласыз: жұмыртқа, лимон ше түсі сары, бал сосын зәйтүн майы (бөтелкесінде оливковое масло деп жазылад). Дүкеннен сатып алып, бір штөктан, үйге келесіз де: — жұмыртқаны жарып жібересіз, ағын ыдысқа құясыз; — лимонды сығып, оны да ыдысқа құясыз; — 1 қасық зәйтүн майы мен 0,5 қасық балды да қоспаға саласыз; Енді пайда болған кашаны араластырып, бетке бірнеше қабаттап жағасыз. Алдымен бірінші қабатын жағып алып, кепкенін күтесіз, сосын екінші, үшінші… 20 минутқа қалдырасыз да, өзіңіз ноутты қосып, керектегі жұнырған комментерді оқып аласыз. Бірақ, күлуге не жындануға болмайды, ато бетке әжім түседі. Қара нүкте кетіп, орнына әжім түседі. Одан да Хит Тв-ні қосып, жақсы-жаман клиптерді тамашалаңыз! Енді бетті жуасыз! Сосын орамалмен сүртесіз де, крем жағасыз. Жұмасына үш рет қайталап отырыңыз, нүктесіз бетті қыз боласыз! Рас айтам! Ал сіздердің бәріңізді келген көктеммен құттықтаймын! Қыздар, әдемі бола беріңіздер! Жігіттер, сол әдемілікті көре беріңіздер!!
Авторы:
katipash

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту