Ескі архив · 02.03.2012 18:27

8-ші наурызға шәлі тоқиық

Құрметті қыздар, құрбылар, әпкелер, аналар, әжелер, келе жатқан мейрамдарыңызбен! Қатипаштың постында кімге қандай сыйлық сатып алу керектігін білдік, бірақ қолдан жасалған сыйлыққа не жетсін, иә? Мысалы тоқылған шәлі, шарф және т.б. Ерінбесек шәлі тоқыиық. Бізге керегі жіп, ілмек(крючок), қайшы және әрине шыдамдылық. Тезірек бітсін десеңіздер қалың жіптен, қалың ілмекпен тоқыңыздар. Ірі узорымен көзге әдем көрінеді әрі өнімді болады. Мен қалың жіптен тоқимын деп қою қызыл(бордо)түстен алып едім, бірақ оған жеңгем берет тоқып берші деді. Иә, шілде шыққанда бөрік кигеннен сақта демекші, көктем шыққанда шапка тоқып мен де қатырватрым . Төмендегі схемамен тоқимыз: Схема kru4ok.ru сайтынан алынған. Сонда мынадай шәлі шығады: Мынау жақыннан түсірілгені: Бірақ бұл орамал жуан жіптен тоқылмаған, жіңішке акрил жіптен тоқылған. Іске сәт!
Авторы:
Erkekyz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту