Ескі архив · 02.03.2012 16:49

Астанадан алған әсерлерім (Asaubota-ға арналады)

Сонымен келесі кезек құдіретті де күшті, «патшалардың патшасы» талай басшылардың басшысы, алтыннан ардақты админіз asaubota ағзамның нысанаға ілінген қасиеттеріне ден қоймақпыз. Ол кісімен де сол Zhan бикештің жанында таныстық. Қалың қабақты, қара, өткір көздерінен бастаған ісін аяқсыз тастамайтын, және де жұмыс жасап жатқанда сөйлегісі келмейтін адамның кейпін аңдадым. Жақын таныспаған адамымен шүйіркелесе алатын, әйтсе де танымайтын жандардың қасында үндемегенді жөн көретіндердің (еркінен тыс болуы да ммкін) қатарынан секілді. Есесіне ағайын десе ішкен асын жерге қойып, қонақты жақсы көретін мінезі бар ма деп қалдым. Өйткені көздері өткір болса да жанындағыларға қуанышпен көз тастайтыны сондай ойға жетеледі. Бір рет кездескен жанға кішігірім құпиясын ашуы оның меймандос екенінің көрнісін білдіретін сықылды. Содан соң тағы айтарым, балаларын қатты жақсы көрсе де, ыссылау қарайды- ау! Тағы бір айтарым амбиция жағынан минусы бар деген де диагноз қойғым келеді. Ал сөйлесе келіп, оның жан жағындағыларына көмек беріп, артынан «ой тыныш жүрсем қайтем-ай» дейтіні бар секілді ме, қалай, Асеке?! Ал, енді қалғанын енді бір кездескенде толтырармын деп ойлаймын. Келесі кезек Aldeken де. Қол тисе ертең жазармын. Пы.сы. Құрметті менің табынушыларым керектіктер, сіздер мынау «бояшы бояушы дегенде сақалын бояды ғой» деп сөге жамандамаңдар. Мен Zhan ға арнаған постымда айтып кеткенмін. Кездескен керектіктердің бәріне мінездеме беріп, сіздермен бөліскім келді. Ал, кейіпкерлер, сіздер өз мінез құлықтарыңыз жөніндегі пікірлерім қате болса, жазсаңыздар екен. Біліп жүрейін, ия ма?
Авторы:
kokbori

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту