Ескі архив · 02.03.2012 12:20

Астаналық керекшілер, Керуенде жиналамыз!

Армысыз, құрметті құрылтайшы достар! Бұйырса, үш аптадан кейін Ел Ордамыз — Астанада кезекті қазақ тілді интернет жан ашырларының басқосуының куәгері боламыз! Тіркелу аяқталды. Тіркелгендердің саны: 171. Жаман көрсеткіш емес. (Былтыр Алматыда 150 шамасында болды) Осылардың арасында Астанадағылардың саны 35. Алдымыздағы Блог Құрылтайға зор үміт артылып отыр. Біз үшін үлкен сын. Алайда, бұл ортақ іске бір үйдің балаларындай бәріміз бірігіп кіріссек, шараның сәтті өтуіне кепілдік бере аламыз Сондықтан, бір-бірімізді жақынырақ тану үшін, құрылтайды үйымдастыру жұмыстарына байланысты тапсырмаларды бөлісу үшін Бүгін, 02.03.2012, жұма күні Керуеннің 3-ші қабатында, фудкортта Сағат 19.00 Кездесуге шақырамыз!!! Тәтті пицца мен ыстық шай ішейік тел.: + 7 777 69 39 409 Құрметпен, Блог құрылтай 2012 үйлестіруші тобы
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту