Ескі архив · 02.03.2012 14:25

Болашаққа прикол ұстау

-Жаз!-деді хан жылнамашысына. -Нені, хан ием?-жылнамашының дауысынан сұрақтан көрі жалыныш басым естілді. «Не жазғызсам екен?» деп ойлады бір кездері Темуджин, бұл күндері Шыңғысхан атанған қысық көз хан. -Былай жаз,«Шыңғысханның түп тамыры — қазақ! Оның ішінде Төре деп жаз.-қолын артына қайырып 12 қанат моңғол киіз үйінің ішін кезіп жүрген хан-Жаздың ба?-деп сұрағанда жылнамашының жүрегі жарылып кете жаздады. -Жаздым… -Боссың, апарда бүкіл жазбалардың арасына қосып қой. Қосылмаса бассыз иықпен жүргеніңді елестете бер,- Шыңғысхан есікті ашып, босаға сыртында тұрған қарауылдарының біріне ым қағып қалды.ол да бұндай шаруаларға ысылып қалған неме болатын.Жазбаны мұрағатқа қосқан жылнамашының жанын жаһанамға аттандыруға жөнеле берді. -Жаз, былай жаз»Темучиннің арғы атасы қазақ, оның ішінде Адай" де, саусақтары үрейден дірілдеп отырған жылнамашы ақ қағазды сиямен ғана емес тарихты да бүлдіріп отырғанын сезіп отырды…
Авторы:
Abilakim

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту