Ескі архив · 02.03.2012 13:04

Иіс суды қалай дұрыс таңдап алу қажет?

Үйіңізде қанша иіссу бар? Барлығын пайдаланасыз ба? Әрине жоқ. Өйкені, әрбір бойжеткен жылына кем дегенде 2-3 әтірсуды туған күні мен мереке күндері жақындарынан сыйлыққа алады. Маркетологтар нәзік жандардың тек 15 пайызы ғана бір иіс суды тұрақты пайдаланады-дейді. «Аромат таңдау, жігіт таңдағанмен тең дейді»,- профессор-парфюмер Роже Дов. Дүкенге барғанда сатушы ұсынған әтірлердің әрбірін иіскеп басыңыз ауырып кететін жағдай жиі болатын шығар. Үстіңізге сепкен әтір иісін таңдаған сайын, одан да жағымды, жұпар иіс табуға тырысасыз. Алайда, өзіңізге лайықты суды тапсаңыз жақсы. Егер ешқайсысы ұнамаса, дүкеншінің үгіттегеніне қарамастан, үйге жол тартқан жөн. Кез-келген судың 3 түрлі иіс беретінін білетін боларсыз. Алғашқысы 1-2 минутта, ортаңғы шендегі иісті 2-4 сағаттан кейін сезесіз. Кейін иіс біртіндеп әлсірей бастайды. Парфюмер дүкеніне түстен кейін барыңыз. Бармастан бұрын дәл қандай иіссу керектігін анықтап алыңыз. Өйткені, ол жерден тек 2-3 қана әтірсуды таңдай аласыз. Түрлі иістерден басыңыз ауырып, шаршап қалмау үшін дүкеншіге қандай ароматты қалайтыныңызды алдын ала ескертіп қойыңыз. Әтірсу адамның мінезімен үйлесу керек. Мәселен, салауатты өмір салтын ұстанып, роликте сырғанап, шаңғы тепкенді ұнатсаңыз немесе спорттық киім кигенді жақсы көрсеңіз онда өткір шөптің, теңіздің иісіне жақын әтір таңдағаныңыз дұрыс. Мәселен төмендегідей: Lacoste — Touch Of Pink Woman Ralph — Lauren blue Lanvin — Oxygene Mexx — Mexx For Woman Sergio Tacchini — Stile Donna Kenzo — L'eau Par Kenzo Егер әрқашан көтеріңкі көңіл-күймен жүретін еркеқыз болсаңыз сізге мыналар жағады. Dolce & Gabbana — Light Blue Roberto Verino — VV Escada — Pacific Paradise Carolina Herrera — 212 Sexy Christian Lacroix — Tumulte Femme Moschino — I Love Love Арманшыл, сезімтал жандарға нәзік гүлзардың иісін беретін мынадай иіс сулар сәйкес келеді. Nina Ricci — Nina New Estee Lauder — Pleasures Clinique Happy For Women Davidoff — Echo Woman Ghost — Cherish Cacharel — Promesse Escada — Escada Ешқашан қар жаумайтын елде тұрғыңыз келсе, экзотикалық жемістерден жасалған коктейлді және өте сирек кездесетін гүлдерді жақсы көрсеңіз: Yves Saint Laurent — Opium Fleur Imperiale Estee Lauder — Pleasures Exotic Christian Dior — Pure Poison Estee Lauder — Beyond Paradise Gucci — Eau De Parfum 2 Giorgio Armani — Emporio Night For Her Өкшесі биік туфли мен ашық түсті помада қолданып, ер азаматтардың көзіне бірден түскенді қалайтындарға шығыстық ароматтар лайық: Agent Provocateur — Agent Provocateur Versace — Bright Crystal Chanel — Allure Sensuelle Prada — Prada Hugo Boss — Boss Intense Versace — Crystal Noir Қызыл шарап түрлерін еркін ажыратындарға миндал, ваниль, шоколод әсерін беретін мынадай әтірсу қолдану керек деп кеңес береміз: Hugo Boss — Hugo Pure Purple J. Del Pozo — Pozo In Black Bvlgari — Omnia Lolita Lempicka Summer Қытайдың танымал «фэн-шуй» иіс суынан хабардар шығарсыз. Әрбір қалбырдағы түрлі гүлдердің тұнбаларының жеке сипаты бар. Көк түстес фен-шуй өзен-көлдер сынды қанық. Бұлар карьера мен қаржы мәселесін шешер кезде интуицияңызға тікелей әсер етеді. Davidoff — Cool Water Woman Bvlgari — Blv Givenchy — Into The Blue Mexx — Pure Life Жасыл түс-бұл бойыңызға ерекше үйлесім мен табиғи қуат береді. Жасыл түстен жасалған қалбырдағы парфюм жағымды көңіл күй мен ерекше серпін сыйлайды. Isabella Rossellini — Manifesto Elizabeth Arden — Green Tea Hermes — Un Jardin sur le Nil Алтын сынды сары түс-қымбат металдарға ұқсас. Бұндай ароматтарды күш-жігерді бағындырып, күшті әрі ақылды қадам жасайтын кезде қолдану керек. Lancome — Attraction Elizabeth Arden — 5Th Avenue after five Louis Feraud — Feraud Paris Givenchy — Organza Yves Saint Laurent — Cinema Қызыл түс-от тектес. Ол ынта мен құмартудан хабар беріп тұрады. Осындай парфюмерді қолданғанда әрдайым өзіңізді әр кештің ханшайымындай сезінесіз. Cacharel — Amor Amor Hugo Boss — Deep Red Giorgio Armani — Emporio Night For Her Azzaro — Visit For Women Қызғылт- әйелге тән сезім мен жарасымды әсер беріп тұрады. Бұны арнайы кездесуге барарда немесе сізге қымбат адамдар үшін пайдаланған абзал. Lacoste — Touch Of Pink Woman Cacharel — Noa Fleur Christian Dior — Diorissimo Escada — Magnetic Beat Gucci — Envy Me Ақ түс пәктікті білдіреді. Бұл шығармашылық жұмыс барысында таптырмас ой береді. Angel Schlesser — Femme Hugo Boss — Boss Woman Chanel — Coco Mademoiselle Dupont — Essence Pure Femme Қара түсті парфюмерді әлдебір шешім қабылдар алдында сеуіп алыңыз. Шашырап жүрген ойларыңызды бір арнаға тоғыстырады. Gucci Eau De Parfum Chanel — Chanel Coco Dupont — Pour Femme J. Del Pozo — Black Versace — Crystal Noir Енді әлемге танымал француз қыздарының иісcуға қатысты кеңестеріне құлақ асайық. «Сән қууға әуестенбеңіз. Мен өмірімді өзгертетін кезде ғана иіссуды ауыстырамын. Әр 5-10 жылда»-дейді Инес де ла Фрессанж. (Ол 1994 жылы Франция – Марианнада сәнгерлердің белсендісі болған.) Әйгілі әртіс Одри Тоту: «Аромат-өзің туралы сыр шертетін иіс. Ол көңіл- күйді әр күн сайын ғана емес, сағат сайын ауыстырып отырады. Егер бір күнгі көңіліңіздің әсерлі болғанын қаласаңыз өкшесі биік әдемі туфли киіп, помаданың түрін өзгертіңіз. Бүгінгі әлемге қатты танымал ароматтардың түрі-шоколод пен ваниль де айтар едім»,-деп кеңес береді. «Нағыз әтірсуда ешқандай логика болмау керек, ол тек қана рух беруі тиіс. Аромат-бұл жыныстық құмарлық емес, бұл жағымды көңіл-күй. Жарнамаларға құлақ асқан сайын, түрлі әтірлер туралы ақпарат аламын. Алайда, олардың барлығы маған жақсы әсер бермейді. Ең бастысы өзіңе ұнаған иіссу әйел бойына сенімділік беріп, оны нәзік етіп көрсетеді деп білемін»,-дейді Инес де ла Фрессанж. Мақала бұрынғы Арулар сайтының мұрағатынан алынды. Авторы Лола.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту