Ескі архив · 02.03.2012 03:41

Шыңғыс хан – АДАЙ!

Қазақтың маңдайына біткен қадірлі көп Мұхтардың ішінде, көзі тірі екі Мұхтар бар. Бірақ бірімен бірі керілдесіп-ырылдасып жүреді. Себеп? Білмедім. Бірақ білетіндердің айтуынша Шыңғыс хан үшін. Мағауин Шыңғыс хан мен қазақты туыс етіп шығарса, Шаханов Шыңғыс ханды қазақтан әрмен, яғни бөлек етеді. Осы тақырып төңірегінде және екеуі қырық-пышақ. Білмеймін. Түсінбеймін. Исі мұрныма бармайды, сондықтан қыстырылмаймын. Айтпағым бұл емес. Айтпағым, біздің ауылдың бір жазушысы (шығар) Шыңғыс ханды қазақ етпек түгілі, Адай руының өкілі етіп, жаңалық ашыпты. Ал саған керек болса! Мықты болсаң, кері дәлелдеп көр! Ол ол ма, бұл кісінің дереккөз ретінде пайдаланған әдебиеттерінің басында Құран-Кәрім бар (О, Тоба!), Одан да қызығы — Шыңғыс Ханның Адай руынан екенін дәлелдеу үшін жазған кітабына ақпарат көзі етіп Құрманғазының күйі «Адайды» да алыпты… Ақтау қаласындағы бір сауда орталығында орналасқан кітап дүкеніне кіргенде көзіме бірден түскен осы кітапты суретке түсіріп алуды сатушыдан қиылып сұрадым. "Қайтесіз? Сатып алыңыз да қалағаныңызша түсіріңіз...", «Журналист емессіз бе осы?» деп анау да мынау дегеніне қоймай, «шырт» еткізіп алғам. Бағасы 3150 теңге тұрады. Ал көріңіздер:
Авторы:
timurrr

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту