Ескі архив · 05.03.2012 22:53

8 наурыз әйелдердің сүйікті мерекесі

1857 жылдың 8 наурызынан бастап әлемдегі күллі еркектер бұл күні әйелдерге ерекше көңіл бөледі. Ежелгі Римдіктер көктемнің алғашқы айын әйелдер мейрамы деп таңдап алды. Бұл күні әйелдер қауымы сүйіктілерінен сыйлық алып, мәре-сәре болып жатады. Тіпті бұрынғы атам заманда да жарлы-күңдер де назардан тыс қалмаған. Мереке күні әр жерде демалыс жарияланып келеді. Ежелгі дәуірде әйелдер барын киіп, мерекелік көңіл-күймен шіркеулерге барған. Бүгінде біз бұл мерекені қалай бағалаймыз? Сауалнама нәтижесіне, көңіл бөлсек, 66 пайызы бұл-нәзік жандарға арналған мереке десе, 18 пайызы наурыз-көктемнің бастауы, 8 пайызы қосымша демалыс күні деп санайды екен. Бұл күнді қалай өткізуге болады? Қазір сауда жүйелерінен әйелдерге қажет нәрсенің барлығын табуға болады. Әлбетте-көптеген арулардың арманы-бой жазып, демалу екен… Әлеуметтік сауалнама нәтижелеріне сүйенсек, әйелдердің 20 пайызы елден оқшауланып, ұйқынмызды әбден қандырсақ деп армандайды екен.
Авторы:
Zhanarhamit

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту