Біртүрлі тіркестер
Мен қазақ болып туылғаным үшін бақыттымын?
Неге? Орыстар орыс болып туылғанына өкініп жүр ме екен?
Қазақ тілінен асқан бай тіл жоқ!
Қанша тіл білетін адамның сөзі бұл?
Бізді біріктеретін нәрсе — ұлттық идеология.
Ол не? Жай ғана ұран ба?
Балам өскенде судья немесе прокурор болады. Өйткені ондай қызметте жүріп «левый» табыс табуға болады
Сонда да жемқорлық пен парақорлыққа билік кінәлі ме?
Қой на, платный оқу болған соң сразу юристің оқуын оқымаймын ба?!
Жұмыссыздар санын көбейту үшін де 4 жыл уақыт пен қыруар қаржы жоғалту керек пе?
Қазақстанда ғарыштық держава болу мүмкіндігі бар
Спутниктің чипін жасай алмайтын болса да Байқоңыр көмектесе ме?
Билікті ауыстыру керек. Президент биліктен кетсін!
Сонда президент қылып Обаманы әкелсек, Қазақстанды оңдыра ма? Мүмкін, алдымен, өзімізді өзгерту керек шығар.
Балаларымызға 10 мыңға кітап алып не қыламыз? Ақша жоқ оған жұмсайтын
Тойға барса, 10 мың теңгеден аз тойана апара ма адам?
Құдайға шүкір, балаларымыздың киімдері бүтін, қарындары тоқ, уайымдары жоқ. Одан басқа не керек қарбалас ата-ана үшін?
Ал тәрбиесі ше?
Қазір кішкентай балалар оқитын ертегі кітаптары жоқ
Ертегіні үлкендер айтып бермеуші ме еді сәбиге?
