Ескі архив · 06.03.2012 10:37

Месси биыл да келмеді

Қызылордада шығатын «Сыр ақшамы» газетінің дәстүрлі «Жылдың үздік спортшысы» жүлдесінің марапаттау салтанаты өтті. Аталмыш жиынға осы жылы да үздік спортшы атанған «Барселонаның» футболшысы Лионель Месси жүлдесін алуға келмеді. Газет оқырмандарының дауысы бойынша жиналған сауалнама қорытындысы қызылордалық спортсүйер қауымның үздіктерін анықтады. Алғашқы орын тағы да Мессиге бұйырса, Илья Ильин өзінің 2-ші орынын қорғап қалды. Ал, үшінші орынды республикалық спартакиада жүлдегері, жас жеткіншек Гүлмира Сапарбаева иеленді. Суретті түсірген Даниал Оқасов, tengrinews.kz
Авторы:
Rafaello

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту