Ескі архив · 06.03.2012 23:11

Сен ғана...

Мен — әйелмін! Себебі: — еркемін, еркелейтін азаматым бар. — жылаймын, жұбататын жаным бар. — күрсінемін, көңілімді аулайтын тірегім бар. — қуанамын, бөлісетін жарым бар. — кеңесемін, ақылшым бар. — ашуланамын, қайтаратын төсегім бар. — от болып жанамын, шарпитын аймағым бар. — өзендей тасимын, сан сағалы арысым бар. — көлдей көсілемін, келіп қонар аққуым бар. — желдей есемін, асығатын асылым бар. — армандаймын, бірге ұшар серігім бар. — сылқым сұлумын, сүйсіне қарар көздерім бар. — ән айтамын, қосыла шырқар қосағым бар. — әлсізбін, қажырлы қайратым бар. — нәзікпін, жанымда жігерім бар. — сүйіктімін, мен деп соғар жүрегім бар. — Анамын — бұл үшін саған мың алғыс!!! Менің «БАРым» сенсің. Мереке де тек сенімен ғана МЕРЕКЕ! Қыздар, ЖІГІТТЕР үшін тост көтеріп қойыңдар мерекеде…
Авторы:
salta

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту