Ескі архив · 07.03.2012 13:48

Әйелден әдемі...

Әлемде әйелден әдемі бір нәрсе бар, ол-сөз! Қызыл сөзбен қала салып тастауға болады ғой.Бірақ, ең әдемі сөздердің көбі әйелге байланысты айтылады, мейлі ол қыз болсын, немесе АНА болсын, бәрібір әйел."Әуелі сөз жаратылды" деседі, сол сөздің әйел жаратылмай тұрып осыншалықты әдемі болғанына өзбасым сене алмаймын. Әйелдердің сұлулығын сұлу сөзбен жеткізе білген, сендіре білген бірер үзіндіні ұсына кетсем. Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасында қолға түскен қалмақтың қызының сұлулығын былай суреттейді: Сол сұлу сұлу екен атқан таңдай, Бір соған бар сұлулық жиылғандай. Торғын ет, шапақтай бет, тісі меруерт Сөздері – су сылдырлап құйылғандай. Бір улап көзқарасы, бір айнытқан Жұлдызы еркелеген сонбей – жанбай. Лебізі – жібек лебі, жұмақ желі Кәусардай татқан адам қалар қанбай,-деген жолдардан оқырман ойша ол сұлудың қандай екенін елестете алады. Осындай сұлу сөздерді айтудың орынына қазір «Ат екен» деген бір ғана сөзді көбіміздің қолданып жүргеніміз жасырын емес. Аңдысып жүрген дұшпанның Бұлттан шыққан ай бетті, Мұнардан шыққан күн бетті, Айттырса, бермес сұлуын Аппақ қылып мандайын, Бұғақ қылып таңдайын, Қиылдырып қастарын, Төгілдіріп шаштарын, Тегін олжа қылар ма екеміз?-деп Ақтанберді жырауда кезінде жырлап кеткен екен. Кешегі Жаяу Мұсалар әйелдер әдемі болмаса Ақ көйлек, асыл бешпент белін қысқан, Бір қыздың даусы шықты Күншығыстан. Қоян жон, құмырсқа бел қарағым-ай, Жігіттің арманы жоқ сені құшқан!-дер ме еді?! Бұхар жырау бабамыз да өзінің «Тілек» атты жырында он бірінші тілекті осы нәзік жандыларға қарата бағыштаған Он бармағы қыналы, Омырауы жұпарлы, Иісі жұпар аңқыған, Дауысы қудай саңқыған, Назыменен күлдірген, Қылығыменен сүйдірген Ардақтап жүрген бикешің Жылай да жесір қалмасқа.-деп аяқтаған екен. Олай болса құрметті АРУЛАР, АНАЛАР,ҚАРЫНДАСТАР ЖӘНЕ ӘПКЕЛЕР(АПАЛАР) МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН! СУРЕТТІ МЫНА ЖАҚТАН АЛЫП КЕЛДІМ.
Авторы:
Abilakim

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту