Әйелге қажет "қордың" көзі
Өмір — өлеңдетіп өте шығатын даңғыл жол емес… Ол мәңгі-бақи күрес. Мұндай «шайқаста» қан төгілмесе де, осал әйелдер үшін әжептеуір сын. Табиғат-Ана өз қыздарын дүниеге үлкен ілтипатпен келтірген. Дегенмен біреудің сыртқы тұлғасын әдемілеп, сұлу етсе кей біреуін… Сондықтан да табиғат тартуын кенде болған әйелдің айна алдында көбірек отырып, «маңдайдан тер шыққанша» жұмыс істеуіне тура келеді.
*
Ескерткіш сәні — түр-түсі,
Адамның сәні — жұмысы
деген Пифогор. Ал біздің атақты жазушымыз Ғабит Мүсірепов:
Әйел қырыққа жеткенше,
Өңін бермесе — қасиет.
Еркек қырыққа жеткенше,
Есі кірмесе — қасірет.
деген екен.
Бұл сөздер текке айтылмаса керек. Табиғаттан бәрін ала туған сұлу әйелдерге де айна алдында кідірмей болмайды.
Сондықтан ұзақ өмір сүру үшін, оның ішінде өзінің сыртқы бейнесін қалыпты, көз тартарлық етіп сақтау үшін әйелдерге көп күш-жігер, үнемі қол астында ұстайтын заттар керек.
Енді соларға көңіл бөлейік:
1. Қатты қолғап — оны дәріханалардан сатып алады немесе түкті сүлгіден тіккізуге де болады.
2. Ұзын сапқа орнатылған щетка — арқаны ысып болған соң, сабынан алып, дененің, басқа тұстарын ысуға қолданады.
3. Кендір матадан тішгілген екі сүлгі (30х40 см) Олар массаж және әртүрлі температурада комресс жасауға арналған.
4. Табиғи қылдан жасалағ щетке-тарақ. Шаш тарауға ыңғайлы.
5. Бетке арналған кішкене дөңгелек щетка.
6. Тырнақ щеткасы.
7. Тіс щеткасы.
8. Тарақ.
9. Тырнақ тазалайтын құрал-саймандар.
10. Өкше мен табанды тазартуға арналған кебек тас — пемза.
11. Кішкене бүріккіш (пульверизатор)
12. Қас жұлуға арналған пинцет.
13. Аққудың мамығы «опаға арналған)
14. Қол айна.
15. Көздің айналасын бояуға арналған шашақты жаққыш.
16. Кірпікті июге арналған құүрал.
Сұлулық үшін „шайқасқа“ мынадай „материалдық жабдықтар“ қажет:
1. Бетке арналған бір, денеге арналған бір сабын (гель). Әркімнің терісіне арналған. Сондай-ақ құрғақ теріге бір түрлі, ал майлы теріге басқа түрлі сабындар қажет.
2. Беттегі гримді сүртуге арналған косметикалық қаймақ.
3. Мақта.
4. Күндіз жағуға арналған крем.
5. Беттерісінен біршама ашық түсті опа.
6. Бет ұшын қызартатын бояу.
7. Ерін бояуы.
8. Қолға арналған крем.
9. Қасты бояйтын карандаш.
10. Кірпік бояуы, яғни тущь.
11. Сутегі тотығы.
12. Тырнақ бояйтын лак.
13. Лакты кетіретін сұйықтық.
14. Тер исін жоятын зат (дезодорант)
15. Иіс су
16. т.б.
Міне, бұл әйел үшін керекті заттардың бір бөлігі ғана болар. Көктем келгенде әйелдер де ерекше сұлуланатыны рас. Мұндайда әйел затына керек заттар көп-ақ.
Ертең мейрам, әйелдердің мейрамы. Егер сіз әйеліңізге (анаңызға, сүйгеніңізге, әпкеңізге, қарындасыңызға) әлі де не сыйларыңызды білмей жүрген болсаңыз, оған жоғарыда жазылғандай кішкене болса да „керек“ заттың өзі қуанта алатынын есте сақтағайсыз…
