Ескі архив · 11.03.2012 15:15

Спартак. Кек.

Киноға рецензия жазып көрмеген ем.Бұны рецензия деп қабылдамаңыздар. Сонымен, көз алдымызға көне Римдегі гладиаторлар шайқасын, Юпитердің бұтағын әкелетін «Спартак» сериалының жалғасы «Кек» деп аталады. 10 сериядан тұратын бұл бөлімнің алғашқы 6 сериясын тамашаладым. Иә, Энди Уитфилдтің орнына(актер 2011 жылы 11 қыркүйекте 39 жасында қайтыс болған)келген Лиам Макинтайр өзінше жап-жақсы ойнап жүр. Дегенмен, кішкене өжеттік жетіспейтін секілді бет әлпетінен.Мүмкін, Эндидің кинодағы күрескер жауынгерден бұрын өз ауруымен күресіп жүріп ойнағандығынан болар, ол рөлдің соншалықты шынайы шығуы?! Егер басынан бастап осы жігіт ойнағанда бұл олқылық білінбей кетер ме еді? Бірақта, екі-үш сериясын қарағаннан кейін көз үйрене бастайды. Сонымен… Кек.Неге кек? Бұл жерде әркімнің ішінде жатқан өз кегі бар. Тірі қалған батиаттың қатыны (Зена) Лукрецияның кегі, кезінде бір аренада, бірге гладиатор болып шығып жүрген гладиаторларға опасыздық жасаған Ашурдың кегі, қала берді Анамай (Эномей ме?), Спартак, Крикстердің іште қалған кектері жайлы бұл бөлім. Бұл бөлімде бірінші бөлімдегі кейбір кейіпкерлер қайтадан қылаң береді.Мысалы, аренада жеңіске жетіп, өзіне бостандық жеңіп алған Ганик. Сондай-ақ, батиаттың үйіндегі барлық гладиаторларға соғыс өнерін үйретіп жүрген Анамайдың жас кезіндегі оқиғалар да осы бөлімде көрініс тауып жатады. Айтып айтпай не керек сериал өз сәнін еш жоғалтпаған десе де болады. Қызыл қан да, қырғын соғыс та, ашық көріністер де сол қалпында қалған. Суретке сілтеме
Авторы:
Abilakim

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту