Ескі архив · 12.03.2012 16:53

Қажымұқан туралы менен де бір сөз

Қажымұқан өмірін зерттеушілердің бірі, ғалым Ә.Қоңыратбаевтың жазбасына сүйенсек, Қажымұқанның 75 жасындағы дене бітімі, тұлғасы мынадай болған: таза салмағы – 174 кг, бойы –195 см (өз айтуы бойынша күресіп жүрген кезіндегі салмағы – 215 кг, бойы 200 см болған). Төбелігінен беліне дейін – 77 см, белінен аяғына дейін – 118 см, кеудесі – 146 см, кіндік тұсы – 173 см, жуан қара санының қалыңдығы – 71 см, сан жілігінің ұзындығы (жамбастан тізеге дейін) – 65 см, балтыр аумағы – 49 см. Балтырының ұзындығы – 58 см, табаны – 35 см, аяқ киімі шамамен 54-размер болған. Шалбарының белдігі – 220, жауырынының жалпақтығы – 60 см, қолтық еттің қалыңдығы – 50 см, жатқанда – 60 см, саусақ басынан білекке дейін – 25 см, ортаңғы саусақтың ұзындығы – 14 см, саусағының жуандығы – 10 см, білек жуандығы – 2,75 см, самайы – 9 см, жақ ұзын¬дығы – 24 см, мұрын ұзындығы – 7 см, құлақтың айналасы – 10 см, үстіңгі еріннің ұзындығы – 10 см, бас аумағы – 65 см. Қане, сызғыштарыңды қолға алыңдар
Авторы:
kokbori

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту