Ескі архив · 13.03.2012 11:43

Құрметті көгілдірлер!

Алқаш тіркелген кезде сайтымыз — қызыл шәлі оранған әлде бала, әлде ергежейлінің көк фондағы аватарын беретінін барлығымыз да білеміз. Көп қолданушылар оны өзінің міскініне немесе басқа да табиғатымды ашады-ау деген суретке ауыстырып қояды. Бірақ соңғы кездері жаңадан тіркелушілер көбейді. Олар аватар алуға болатынын білмейтін болса керек. Енді солар сайттың дефолт беретін гейшатыс аватарын басқаға ауыстырса, мынау бәтуасы жоқ қу пәни аз да болса көңілді реңк тарта ма еді, кім білген? Ең болмаса өз суреттеріңді сала салсаңыздар ма екен. Әрине, өзіңізді ұсқынсыз деп тауып, келбетім — сайт мүшелерін балағаттайды деп есептесеңіз, басқа сурет қойсаңыз да керемет болар еді. Әрине, ерікті шаруа болғандықтан, тек өтініш жасай аламыз. Әйтпесе әрқайсысыңды шиті мылтықтың дүмінің астында қалтыратып тұрып… ой дәурен-ай десейч: нұқып-нұқып жіберіп… Кешірерсіздер…
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту