Ескі архив · 14.03.2012 13:50

Керек...

Армысыз, ағайын менен апайын! «Тойдың болғаннан боладысы қызық» дегенді енді сезініп жүргендеймін. Былтыр сырттан ғана бақылап жүрген едік. Кедесуімізге сегіз күн қалды. Жан-жақтан не істейік, қандай көмек керек деп сұрап жатыр. Қуантарлық жағдай. Аудиториялар, блокнот, қалам, кофе брейк, кітапшаларға қатысты мәселелер шешілді. Сонымен қазір бізге не керек? — Блог құрылтайға көже жасауға қазан керек. (50 литрлік флягі, 10-15 литрлік көже пісіретін қазан) — Видеоларға жауапты адам керек.(мүмкін болса, әр құрылтайшы өз презентациясын видеоға түсіретін адам тауып алса. Содан кейін видеолардын барлығын жинап, реттеп алатын адам керек) — Тіркеу жұмыстарына бас-көз болатын адам керек. Әзірге осы. Еріктілер табылып жатса, хабар күтемін! Коллаж апторы: Жанасыл Болатбек.
Авторы:
talgatjez

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту