Ескі архив · 15.03.2012 02:44

"АСҚАН АҚЫЛДЫ ЕМЕСПІН, ДЕГЕНМЕН..."

«Өмірдің барлық сәтсіздіктерін бақытсыздық» деп қабылдап, өтіп жатқан әр сәттің қадірін білмей, достық деген ұғымның не екенін түсінбей, шынайы махаббаттың бұл жалғанда бар екеніне күмәнмен қарайтын болсаңыз, «Форрест Гамп» фильмін көріңіз. Америкалық жазушы Грум Уинстонның қаламынан туған «Форрест Гамп» романының желісі бойынша түсірілген фильм өмірге деген көзқарасыңызды өзгертіп, «алынбас асу, бұзылмас қамалдың» жоқ екеніне көзіңізді тағы бір жеткізеді. Фильмнің басты кейіпкері Форрест Гамп ақыл есінің кеміс болып туылуына қарамастан, танымал футболшы, соғыс қаһарманы болып қана қоймай, ісі оңға басқан бизнесменге айналады. Ақшаның көптігі, «тамақтың тоқтығы» оны аздырмайды, керісінше аңқау, мейірімді әрі қарапайым күйін сақтап қалады. Әдетте фильм басталғанда қандай оқиғамен аяқталатынын болжап отырамыз, ал бұл фильмнің оқиға желісін, немен аяқталарын болжап білу мүмкін емес. Себебі басты кейіпкердің өмірі адам сенгісіз ғажайып оқиғаларға толы. Бірақ толық баяндаудың қажеті жоқ деп ойлаймын, жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық. Басты кейіпкердің аузынан шыққан кейбір қызықты ойлар: Анам үнемі «Өмір кәмпит қорабына ұқсайды, ішінде не бар екенін біліп болмайсың» дейтін. Анам «Адамға қажетті заттар ғана керек, ал қалғаны көзбояушылық» дейтін. Анам «Алға қадам басу үшін өткенді артқа қалдыру керек» дейтін. Анам «Ғажайып әр күнімізде болады, мұнымен бәрі келісе бермейді, бірақ ол солай» дейтін. Анам үнемі өлім өмірдің бір бөлшегі екенін айтатын. Асқан ақылды емеспін, дегенмен махаббаттың не екенін білемін. Мені мұқият тыңда, әркімнің тағдыры әр қилы, бұл өмірде кездейсоқтық болмайды. Ал мына сөздер еріксізден жүзіңізге күлкі үйіреді (орыс тіліндегі нұсқасын ұсынуды жөн көрдім): Вы представляете, пять лет я играл в футбол, а потом получил диплом. Я был мультимиллионером, поэтому я косил газоны бесплатно! Дженни: Форрест, ты уже выбрал, кем станешь, когда вырастешь? Форрест Гамп: Кем буду я? Дженни: Да. Форрест Гамп: А разве я не буду самим собой? Репортёр: Зачем вы это делаете? Форрест Гамп: Мне нравится бежать. Ты когда-нибудь был с девушкой, Форест? — Я постоянно сижу с ними на занятиях по экономике. Меня посылают во Вьетнам… Это в другой стране. Больше всего на встрече с Президентом США мне понравилась еда! Все было бесплатно. Я думал, что снова вернусь во Вьетнам, но кто-то решил, что я должен бороться с коммунизмом, играя в пинг-понг. Через некоторое время этого молодого Президента застрелили, когда он ехал в машине. Потом застрелили его младшего брата, на кухне в отеле. Опасно — быть братьями. Хотя, не знаю... (Қосымша «Форрест Гамп» романын оқуға кеңес берем. Кітаптан фильмге енбеген ойлар мен эпизодтарды оқи аласыз. Адам тағдыры ғана емес, жиырмасыншы ғасырдағы Америка қоғамын кекесін, әжуә ету арқылы сипаттап беретін кітап менің көңілімнен шықты).
Авторы:
ademi_alem

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту