Ескі архив · 15.03.2012 12:31

Орташа Есеппен Қазақ Пульті

— Сыртындағы целлофан қабы ұзақ уақыт шешілмейді. — Батарейкасы толық өлгенше пайдаланылады, күші әлсіз кездерде қолды барынша ұзатып басылады. — Ең әлсіз тұсы — артындағы батарейка салынатын жері. Ол жер скочпен оралады. — Балалардың ойыншығы: ауызға салынады, неше түрлі түймелері басылып көріледі байқамай. — Үйдегі жиі жоғалатын заттардың бірі. Әдетте диван, төсектің артына түсіп кетеді. Жастықтың астында жатады. — Түймелерінің біразы басылмайды, өйткені не үшін тұрғандары түсініксіз. — Жастары бар үйлерде әдетте ТВді соңғы сөндірген адам күнәсіз бір каналға қойып барып сөндіреді. — Пульт — биліктің символы. Осы үшін балалар мен үлкендер, ерлі-зайыптылардың арасында жанжалдар шығып жатады.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту