Ескі архив · 15.03.2012 13:04

Танымал боксшы Дэвид Хэй исламға кіріп шықты

WBA версиясы бойынша әлем чемпионы Дэвид Хэй өткен аптада ислам дінін қабылдағанын жария еткен болатын. Бұл туралы Твиттер әлеуметтік желісімен әлемге жар салған Хэй кеше исламнан шыққанын мәлімдеді. Он мыңдаған ретвит жасалып, бір мезетте миллиондаған фанат жинап үлгерген боксшыға қазір әлемторда лағынеттер жаууда. Дэвид Хэй «The Evening of Liverpool» газетіне берген сұхбатында былай дейді: — Исламның менің өмірімдегі орны ерекше. Талай танымал тұлғалар осы дінді ұстанды, оның ішінде боксшылар да бар. Мен де исламды қабылдағаным туралы мәлімдеме жасағаным рас. Алайда, мен бұл дінде алкоголь, некеден тыс жыныстық қатынас және тағы кейбір әрекеттерге тыйым салынғанын білмедім. Сондай-ақ күніне 5 рет міндетті түрде намаз процедурасы бар екен. Асығыс шешім жасағанымды мойындаймын. Ертеңнен бастап Будданы қабылдаймын деп жоспарлап жатырмын. Қазір менеджерлерім осы дін туралы ақпарат жинауда, өткен қателіктің қайталанбауы үшін.
Авторы:
Rafaello

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту