Ескі архив · 22.03.2012 15:50

Жаңа жұлдыз!

Эстрадаға жаңа қадам басып келе жатқан өнер иесі Балтаев Алишер. Жамбыл обылысы Аса ауданында 17-ші желтоқсан айында 1989 жылы дүниеге келген. 5 жасынан бастап ән айтады. 2009 жылы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжде «Хор дирижеры» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ал қазіргі таңда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде білім алуда. Өнердегі жетістіктері: 2005 жылы V орталық Азиялық конкурсының «Mini miss» «Mini mister» II- дәрежелі дипломымен марапатталды. Қырғыстан Республикасы. 2007 жылы Республикалық жастар Дельфийлік ойындарының « Эстрадалық ән салу» номинация бойынша қола МЕДАЛЬ иегері. Талдықорған қаласы. 2008 жылы Астана қаласының 10 жылдығына арналған потриоттык әндерінің III дәрежелі дипломмен марапатталды. 2010 жылы «Сағындырған әндер-ай» ретро әндер байқауының лауреаты атанған. Қазіргі таңда репертуарында авторлық 6 әні бар. «Қуанышым менің» «Сұлу қыз» «Елестетем сені» «Бақыт құсы» «Шығыс аруы» — аты әндерімен қанатын кеңінен жайып, халыққа әннен маржан шашып жүрген ұлдарыңыздың бірі.
Авторы:
nnk

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту