Ескі архив · 23.03.2012 21:11

"Әнім бар"

"Әнім бар" Сазымен жүректі тербеген, Әуенін биікке сермеген. Жастықтың әні бар кеудемде, Шалқыған сезім-сыр пернеден. Әнім бар үзіліп, талмайтын, Сезімге сезімді жалғайтын. Әнім бар махаббат сазында, Еш бір жан дәл мендей салмайтын. Қиялым көк пен жер көлбейді, Дәуірлеп әуенім аспанға өрлейді. Бар жалған уақытша бәрі де, Бәрі бір ән мәңгі өлмейді. Бақытым қайдасын, көңілім ай көрген, Ізетті ұяң қыз іздейін қай жерден. Әлемнің әуені жетпейді үніңе, Даусыңнан айналдым әніме сай келген.
Авторы:
nureke_alash

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту